г. Алматы, e-mail: zhandanu.office@gmail.com

Фонд «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ»

Cоздание, реализация и поддержка социальных проектов в области образования, культуры и благотворительности

Новости

Сіздерді Шалва Александрович Амонашвилидің қатысуымен өтетін Халықаралық ізгілік педагогикасы фестиваліне қатысуға шақырамыз.

  • Сіздерді Шалва Александрович Амонашвилидің қатысуымен өтетін Халықаралық ізгілік педагогикасы фестиваліне қатысуға шақырамыз.

    Құрметті достар, әріптестер! Сіздерді Шалва Александрович Амонашвилидің қатысуымен өтетін Халықаралық ізгілік педагогикасы фестиваліне қатысуға шақырамыз.

    Ш.Амоношвилидің ізгілік педагогикасы

    Ш.А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Гуманизм- латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді екен Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі. Осы бағытта жұмыс атқаратын Шалва Александрович Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Ол мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады. Ш.А. Амонашвили мұғалімдерге арналған «Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» атты көмекші құралында ең кішкентай мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуын зерттеу нәтижелерін сипаттап жазады. «Менің балалармен тәжірибе жұмыстарым, мектептегі қызықты да қуанышты күндерді ұйымдастырудағы ғылыми ізденістерім, эксперименттік сыныптың көптеген мұғалімдерімен өткізілген көп уақыт менде білім беру мен тәрбиелеуде ізгілік, оптимисттік бастаулардан туындайтын кейбір педагогикалық пікірлер қалыптасты,»- деген. Бұл кітаптың негізгі арқауы балаларға деген махаббат, баланың нәзік жанына сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас болып табылады. Бұл сипаттама Ш.Амонашвилидің «Мектепке алты жастан» деген кітабында да қарастырылады. Ол «Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты» деп есептейді. Ол ең негізі тұлғалық қасиеттерге басты назар аударады. Олар: -Баланы сол қалпында жақсы көру. Тентек пен тілалғышты, ұғымтал мен ойлау қабілеті төмен, ұқыпты мен жалқау оқушыларды бөліп жармай, барлығын да бірдей жақсы көру керек. Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік бар жерде қатыгездік болмайды, намысына тиетін сөздер айтылмайды, олардың әрбір жетістіктеріне қуанып отырасың; -оларды түсіне білу, яғни солардың көзқарастарымен санасу, оларды ересектерше қабылдау, қамқорлық танытқанына қуану, ақылдасып отыру. Олардың танытқан қамқорлықтары мен әрбір ісіне кешіріммен емес, үлкен құрметпен қарау керек. Балаларды түсіну дегеніміз – оларды билігіне бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне сүйене отырып, болашақ өміріне алғашқы дәндерін себу. Бала жүрегінің тебіренісі мен жан дүниесінің қозғалысын түсіне білген педагог оқушысының тәрбиесімен тереңдей айналыса алады. -оптимист болу, тәрбиенің оң әсер беретіндігіне сену қажет. Баланың ішкі жан дүниесіне тереңдей ену, осыған байланысты тәрбие берудің, оқытудың, дамытудың түрлі жолдарын қарастыратын, яғни әрекетшіл оптимизм жайлы. - мұғалімнің бойынан адамға тән жақсы қасиеттердің барлығы – күлімсіреу, қаталдық, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек. «Мен ұстаз» өлеңінде Ш.А. Амонашвили: Мен – Махаббат және Адалдық, Сенім және Шыдамдылық. Мен – Қуаныш және Ортақтастық, Мұң мен Ортақтастық. Мен – Шындық пен Жүрек, Ар мен Намыс. Мен – Іздеуші және Сыйлаушы, Кедей және Бай. Мен – Мұғалім және Оқушы, Тәрбиеші мен Тәрбиеленуші. Мен – Жол көрсетуші мен Өмір суреткері. Мен — Балалықтың қорғаны мен Адамзат бесігі. Мен – Келешектің жарқыны мен Осы шақтың алауы, - дейді Ш.А.Амонашвили. Ұстаздың осындай талпынуы аса маңызды. Ол – бұрыңғы және қазіргі заманғы ұрпақтардың рухани құндылықтары мен бала арасындағы дәнекерші. Адамгершілік қасиеттері бар ұстаз балаларды білімге үйрете отырып, сонымен қоса, оларға өзінің мінез-құлқы арқылы ықпал етіп, балалардың көз алдында адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып көрінеді. Бала үшін мұғалімсіз білім жоқ, тек ұстазына деген махаббаты арқылы ғана бала білімнің қызықты әлеміне аяқ басады.Кіші жастағы оқушылар үшін ең беделді адам, оқушының шамшырағын жағар тұлғасы ол – ұстазы болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.




Наши партнеры

Казахский национальный университет им. аль-Фараби
Фонд Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации
ННПООЦ «БОБЕК»
МИНИСТЕРСТВА КУЛЬТУРЫ И СПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Международный  центр  Гуманной  Педагогики


Хочешь стать участником конкурса?

Пройди регистрацию в день проведения кастинга в твоем городе!

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ДЕТСКИЙ ПЕСЕННЫЙ КОНКУРС «БАЛА ДАУЫСЫ»

Уже участник График кастингов